Павлодарда татуластыру рәсімдері бойынша сот құжаттарының жинағы және тергеу судьялары үшін жинақ әзірленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Павлодар қалалық сотының судьялары дауларды бейбітшілік түрінде реттеуге көмек беру мақсатында «Татуластыру рәсімі бойынша келісімдер мен ұйғарымдар үлгілерінің жинағын» әзірледі.

Жинақ кеңінен таралған даулар бойынша татуластыру рәсімдерін бекіту туралы ұйғарымдар мен келісімдерден құралған 2 бөлімнен тұрады. Аталған жинақ тараптардың татуласумен аяқталған істер санының арта түсуіне ықпал етеді деген болжам бар. Тәжірибелік басшылық түрінде жинақ бірінші сатыдағы сот судьяларына, сонымен бірге сол үлгілерді өзінің жұмысында қолдана алатын кәсіпқой медиаторларға, адвокаттарға арналады.

Қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған Павлодар қаласының № 2 сотының судьялары «Тергеу судьясының сот құжаттары жинағы» әзірледі. Кітапша тергеу судьясы қызметінің тәртібі мен өкілеттілігін реттейтін, қылмыстық заңнамада жаңалықтарды енгізу ескерілуімен әзірленген.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі