Павлодар облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бір қатар іс-шаралар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.

Салық заңнамасын қолдану, кәсіпкерлік және оңалту туралы заңнамасын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстелге» сот және прокуратура,  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесуді өткізу мақсаты қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету, атап айтқанда, негізсіз арыздарды беруді болдырмау, салық дауларын ескерту, борышкер мен несие берушінің арасында бітімгершілікке келуге мүмкіндігін ұсыну, төлем қабілеттігі жоқ борышкерге қарызды кешіру мүмкіндігін беретін оңалту және банкроттық туралы заңнаманың жаңашылдықтарын және жаңа Кәсіпкерлік кодексін түсіндіру болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ұқсас кездесулер өткізу жоғары тұрған органға қарапайым өтініш негізінде айқындалған. Сонымен қатар, камералдық бақылау бойынша оның келіспеушілігіне байланысты өз әрекетін тоқтатқан хабарландыруға шағымдану сияқты негізсіз талаптарды сотқа беруді жоюға әкелетіні атап өтілді. Осы ретте оннан астам даулардың Ұлттық кәсіпкерлік палатасы деңгейінде шешілгенін айтып өткен жөн.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі