Өскеменде облыс әкімі мен облыстық соттың төрағасы өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыс әкімдігінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты дауларды (жан-жалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын белсенді түрде енгізу және жан-жақты дамыту, сот жүйесінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, сол сияқты алқабилер қатарына үміткерлер тізімін қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейту аясында қызмет жасау болып табылады.

Д.Ахметов өз сөзінде дауды реттеудің баламалы әдістерінің бірі болып табылатын медиацияны қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.  

Облыстық сот төрағасы Д.Әміров бұл меморандум облыста медиацияны қолдану, сондай-ақ өзара белсенді қарым-қатынас жасау бойынша шешімін табатын өзге де мәселелерді әрі қарай дамыту бойынша тың серпін беретін маңызды оқиға болматындығын айтты.

Меморандумға қол қою арқылы тығыз байланыста жұмыс жасауға дайындықтарын білдірген тараптар олардың алға қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда бір-біріне жемісті еңбек тіледі. 

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі