Облыстық соттарда Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында алдағы Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов бұл мереке қазақстандықтар бірлігінің үлгісіне, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің нышанына айналғанын атап өтті.

«Қазақстанның астанасы – Астана қаласы бүгінгі таңда еліміздің әкімшілік орталығы ғана емес, Қазақстанда болып жатқан жаңа өзгерістердің шынайы нышаны. Жаңа астананың жылнамасы жалғасуда. Мұнда жаңа ғасырдағы ұлт тарихының хроникасы қалыптасады», - деді облыстық соттың төрағасы.

Отставкадағы судья Инесса Қуанова «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет атағымен, Тимирязев аудандық сотының төрайымы Гүлім Әлжанова мен Петропавл қалалық сотының төрағасы Ербар Қалиев облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кездесуде азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды - Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты, екінші орынды – Петропавл қаласының №2 соты, үшінші орынды – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот пен Тайынша ауданының №2 аудандық соты иеленді.

«Татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі үздік судья» номинациясындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Т.Вьюхова атап өтілді.

Облыс соттарының аумағын көгалдандыру және көркейту конкурсының жүлдегерлері Айыртау ауданының №2 соты, Тимирязев аудандық соты, Шал ақын ауданының соты марапатталды.

Іс шараның соңында Қазақстанның елордасы Астана туралы деректі фильм көрсетілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Астана күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

«Астана – ел мақтанышы, ел тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Қысқа тарихи кезеңде бір кездері шет аймақта болған қала, экономикалық және мәдени көпұлтты халық шоғырланған орталыққа айналды. Бұл - әлемнің ең әдемі қалаларының бірі. Астана Тұғыш Президенттің ауқымды жоспарлары мен асқақ армандардың орындалатын қаласына айналды. Қазақстанның жас астанасын Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының іс жүзіндегі толық көрінісі болады деп санауға болады. Астана өз халқына адал Ұлт Көшбасшысының тұғырлы саясатының жемісі болып табылады», - деді Досжан Әміров.

Ол еліміздің асатансына өркендеуді, әлемдегі позициясын нығайтуды тіледі.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында бірқатар судьялар мен ерекше көзге түскен мамандар алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара мерекелік конценртке ұласты.

Ақтөбе облыстық сотында "Астана күні" мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиынды облыстық соттың  төрағасы Мұратғали Әкетай құттықтау сөзімен ашты.

«Астана тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі, еліміздің барлық экономикалық, әлеуметтік табысты айқын көрсеткіші болып табылады. Астана қаласы Елбасы Президенті, Ұлт Көшбасшысы  Н.А.Назарбаевтың идеялық көрінісі болып табылады. Бұл оның көрегендігі мен стратегиялық ойлауының, маңызды шешімдерді қабылдау шеберлігінің  көрсеткіші екені даусыз», - деді ол.

Содан кейін назарға «Астана» деректі фильмі ұсынылды.

Жиын соңында Жоғарғы Сот төрағасының атынан барлық сот қауымын Астана күні мерекесімен құттықтап, амандық, сәттілік тіледі.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Астана күні қазақстандықтардың ауызбіршілігінің және республиканың жетістіктерінің нышаны болғандығын атап өтті.

«Бүгінде Астана – Қазақстанның барлық экономикалық және мәдени өмірінің орталығы. Әр жыл сайын Елорда іскерлік еуразиалық орталықтың және әлемдік қоғамдастықпен саяси ынтымақтастықтың беделін нығайтуда. Өзінің кезекті туған күнін керемет экономикалық және әлеуметтік дамуымен қарсы алып, еліміздің бірінші қаласы нық сеніммен алға жылжуда. Бүгінде Астана – бірден-бір заманауи сәулет құрылысымен әлемдегі әдемі қалалардың бірі. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, табыс, бақыт, бейбітшілік және амандық, сондай-ақ мемлекетімізге гүлдену тілеймін», - деді облыстық соттың төрағасы.

Салтанатты жағдайда облыс судьяларының және мемлекеттік қызметкерлердің марапаттау рәсімі өтті.

Елорда күнінің тойлануына байланысты, сот жүйесіндегі атқарған абыройлы еңбегі және сот төрелігін жүзеге асырудағы белсенді қызметі үшін Жамбыл облыстық сотының төрағасының құрмет грамотасымен облыстық соттың судьясы Ардақ Әкетаев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ербол Дүйсенбаев, Тараз қалалық сотының судьясы Жанна Абаева, Шу аудандық сотының судьясы Бабырхан Әбуев, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үйлестіруші судьясы Ерлан Тәжібаев марапатталады.

Сот мамандарының да жұмыстары еленді.

Р.Алшынбаев бұқаралық ақпарат құралдарындағы соттар қызметін жарықтандыру жұмысы бойынша Қордай аудандық сотын жеңісімен құттықтап, бағалы сыйлық табыстап, жұмыста жаңа табыстар тіледі.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі