Департамент мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру мәселесі бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Департамент «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін оңтайландырды.

Қызметті алушыларға ұсынылатын құжаттарды қысқарту мақсатында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелермен кіріктіру жүзеге асырылды. Енді тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды растайтын құжаттар осы жүйелер арқылы электрондық түрде талап етіледі.

Департамент өткізген семинар барысында соттар кеңселерінің жауапты қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің жаңалықтарымен және тиісті функционалдың жұмысымен танысты.

Семинар тыңдаушылары онлайн-режимде талқыланған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

Источник: 
Департаменттің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі