Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті аудандық және оған теңестірілген соттардың сот приставтары үшін дәріс өткізді.

Іс-шара Сот төрелігі академиясының тыңдаушыларын қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру курстары аясында ұйымдастырылды.

«Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы» тақырыбындағы дәріс соттарда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың салдарын жою, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің әдепті мүлтіксіз сақтауы мақсатында өткізілді.

Тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдардың статистикасымен танысты. Кездесуде кірістер туралы декларацияны уақтылы тапсыру, әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке қол жеткізу бойынша шаралар қабылдаудыың қажеттілігі туралы сөз болды. 

Кездесуге қатысушылар сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі