Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотымен халыққа "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Алматы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімдерінің қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Өткізілген іс-шара барысында Мемлекеттік корпорациясының өкілдеріне апостиль қою мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін реттейтін Стандарт және Регламенттің ережелері түсіндірілді.

Ағымдағы жылдың он айында Жоғарғы Сотқа сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы 453 арыз келіп түсті, оның ішіндегі 437 арызы қанағаттандырылды. 16 жағдайларда ұсынылған құжаттардың Стандартпен белгіленген талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.

Семинар барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған барлық жағдайлар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша бірлескен қызметінің проблемалық аспектілері талқыланды.

Сонымен қатар, тындаушылардың назарына соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында «Апостилирование» функционалдағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі