Жоғарғы Сот «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық филиалының қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Өткізілген іс-шара барысында филиал қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелері түсіндірілді.

Статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кезеңінде Жоғарғы Сотқа мемлекеттік қызмет көрсету туралы 152 өтініш түсті, соның ішінде 119-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы түсті. Сонымен қатар, іс жүзінде Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды жіберу жағдайлары орын алуда. Осыған байланысты, аталған фактілерді алдағы уақытта болдырмау және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарындағы түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында «сұрақ-жауап» қағидаты бойынша әңгіме өткізіліп, оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлеріне іс-шара барысында туындаған сұрақтар бойынша жауаптар берілді.

Халыққа тиісті ақпаратты ұсыну үшін тыңдаушылардың назарына соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың интернет-ресурсындағы «Сот кабинеті» сервисінің «Апостилдеу» функционалы арқылы беру мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жылы жоспарланатын мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне беру арқылы қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін, оларды оңтайландыру бойынша процестер талқыланды.

Қайнар: 
Департаментінің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі