Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс-орталығының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот көрсететін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша халықты өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында семинар өтті.

Семинар барысында Бірыңғай байланыс орталығының өкілдеріне апостиль қою мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін реттейтін Стандарт және Регламенттің ережелері түсіндірілді. Азаматтармен сот құжаттарына апостиль қою бойынша жиі қойылатын мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, халыққа тиісті ақпаратты ұсыну үшін, тыңдаушылардың назарына соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Апостилдеу» функционалындағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі