Астанада «Қадір-қасиет» ҚБ «Әділ сот талқылауына құқық шеңберіндегі адвокаттың құқығы» клубының отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Клуб жұмысына адвокаттар, прокурорлар, судьялар, ІІД қызметкерлері, журналистер, танымал блогерлер мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кездесуде Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта сот қорғауының артықшылықтары мен құқықтарды қорғаудың басым түрлерін атап өтті. Ол Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретініне тоқталды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі, олар абсолютті әрі ажырағысыз, әркім өз құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына, жеке бостандығына, өмір сүру құқығына, ар-ұят, сөз бостандығына құқылы. Бұл талаптар Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакттің 14-бабында бекітілген. Соған сәйкес әркім қандай да бір қылмыстық айыптауды қарау барысында, оған тағылған немесе азаматтық процестегі оның құқықтары мен міндеттерін айқындау барысында істі білікті, тәуелсіз әрі бейтарап соттың әділ әрі жариялы қарау құқығына ие. Әділ сот талқылауына ие болу құқығы қандай да бір құқықтың бұзылуына дейін болған жағдайда қайта қалпына келтіру құқығымен тікелей байланысты жалпылай мойындалған халықаралық-құқықтық норма  болып табылады.   

«Қылмыс жасады деп айыпталған әрбір адамның кінәсі заңға сәйкес әділ сот талқылауы барысында дәлелдейінбейінше, кінәсіздік құқығы әділ сот талқылауына ие болу құқығының ең негізгі қағидаты болып табылады», - деді Е.Максюта.

Спикерлер қорғау құқығын бұзғаны үшін қорғану мен жауаптылықтың әдістері туралы мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, адвокат Ерлан Ғазымжанов клиентке қатысты адвокаттар мен олардың іс-әрекеті қандай болуы тиістігі турасындағы пікірімен бөлісе келе, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету шеңберіндегі қызметтің төленуі тіралы мәселені көтерді.

«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров мигранттар мәселесі, олардың қорғану құқығы туралы ойымен бөлісті.  

Сот отырыстарын БАҚ-та жариялаудың моральдық қағидаттарын сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады. Айталық, «Сот репортерлерінің гильдиясы» ҚБ өкілі Ирина Московка талқылау шеңберінде жария талқылау құқығы мәселесін көтерді.

Осы отырыстың модераторы, Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта атап өткендей, пікірталас өте нәтижелі өткен.

- Түйткілді мәселелер көтерілді. Қатысушылар әр түрлі көзқарасымен ерекшеленіп, бір мәмілеге келуге тырысты. Талқыланып отырған тақырып бойынша ахуалды жақсартуға қатысты бірқатар сындарлы ұсыныстар білдірілді, - деді Жоғарғы Соттың судьясы.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі