Қызылорда облыстық соттың судьялары Арал қаласындағы медиация кабинетінде болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-сапармен Арал аудандық сотына келген Қызылорда облыстық сотының судьялары Амангелді Қожаниязов пен Зейнолла Нұрсейітов Арал қаласының әкіміне қарасты З.Шүкіров атындағы қалалық Мәдениет үйінен ашылған медиация кабинетінде болды.

Облыстық соттың судьялары медиация кабинетінің жұмысымен танысып, оның қажетті жиһаздармен және әдістемелік құрал-жабдықтармен жабдықталуын, сондай-ақ бағыт-бағдар беріп тұратын, медиацияны жүргізу қағидаттары мен медиаторлардың тізімі сияқты қажетті ақпараттар қамтылған арнайы стендердің орналастырылғанын оң бағалады.

Облыстық соттың судьялары медиация кабинетінде «Медиация туралы» Заңның қолданылу аясын кеңейту жөнінде семинар өткізіп, заң үстемдігі принципін іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын татуластыру рәсімдерін одан әрі дамытудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, медиация шаралары медиатор көмегімен тараптардың арасында болатын сан түрлі дауларды шешу кезінде аса маңызды екендігін, осыған орай  медиация саласын жандандыру мақсатында ашылып отырған медиация кабинетінің халықтың «Медиация туралы» Заңымен етене танысып, медиация рәсімдерінің еркін жүзеге асуына оң ықпалын тигізетіндігі айтылды.

Кездесу барысында З.Нұрсейітов медиация тәртібімен қаралған істер көрсеткіштеріне тоқталып, өткен жылы облыс бойынша Арал аудандық сотында медиация тәртібімен істердің ең көп қаралғанын атап өтіп, медиаторларға медиация саласында осындай жақсы көрсеткіштерге қолжеткізе берулеріне тілектестігін білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі