Қызылорда облысының Арал аудандық сотының судьясы бір күнде медиация тәртібімен 8 іс қарап, аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының Арал аудандық сотымен медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Айталық, Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаевпен ағымдағы жылдың 17 ақпанда яғни, бір күнде медиация тәртібімен – 8 іс бойынша медиативтік келісімдер бекітіп, аяқтаған.

Оның ішінде қарыз сомасын өндіру, мүйізді ірі қара малын қайтару туралы 5 азаматтық істер, бөтеннің мүлкін жымқыру сипатындағы 2 қылмыстық істер және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы 1 әкімшілік іс.

Аталмыш істер бойынша кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынған.

Мұның барлығы, тараптардың даулардың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып,медиаторлардың бітімгершілік рәсімдерін жүргізу деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандық сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының бастамашылығымен енгізілген, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді қолданысқа енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бағытындағыжұмыстар жолға қойылды.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі