Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, халқымыздың рухын асқақтатын, шын мәніндегі, жалпыхалықтық мерекелер!

Қазақстандағы Жеңіс күні аға ұрпақтың жарқын болашақ үшін майдан даласында және тылда көрсеткен қаһармандығы мен жанқиярлық ерлігін бейнелейді. Соғыс жылдары республикамыздың әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды. Қазақстандықтардың батырлығы мен ержүрек батылдығы тарихымызға алтын әріппен жазылып қалды. Қайта нақтыланған деректерге сүйенсек, олардың 520-сы Кеңес Одағының Батыры атанып, 110 мыңы Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыстың ауыр жылдары Жеңіс үшін қажетті құрал-жабдықтардың барлығы тыл еңбеккерлерінің қолымен жасалды. Олар армияны әскери техникамен, азық-түлікпен және киім-кешекпен үздіксіз қамтамасыз етті. Соғыс кезінде қолданылған әрбір танк, ұшақ, кеме, оқ, т.б. Қазақстан кеніштерінде өндірілген металдан жасалды.   

Еліміздің жаңа тарихында Отан қорғаушылар күнінің алар орны айрықша. Барлық кезде де туған жерді қорғау – әрбір азаматтың асыл парызы, азаматтық борышы болып саналады. Бүгінде бұл мереке балабақшаларда, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында кеңінен аталып өтуде.  

Тәуелсіз Қазақстан армиясының шеберлігі шыңдала түскені баршамызға аян. Еліміздің Қарулы Күштерінің кәсіби деңгейі артуда, техникалық тұрғыдан жарақтандырылған әрі ұтқыр. Бүгінде әскери мамандық құрметті әрі беделді кәсіпке айналды. Ал армияда қызмет атқару – азаматтық борыш қана емес, сондай-ақ артықшылық. Әскер қатарына ең таңдаулылар іріктеліп алынуы – оған айқын дәлел. 

Осы айтулы мерекелер қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп, жас буын өкілдеріне олардың жанқиярлық ерлігі үлгі-өнеге болуда.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Сіздерге, Қазақстан армиясының барлық әскери қызметшілеріне зор денсаулық, амандық және мол табыс тілеймін!

Елімізде бейқұт өмір мен келісім, тұрақтылық пен тыныштық әрдайым салтанат құра берсін!

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы                                  

Кайрат Мами

Источник: 
Пресс-служба Верховного Суда