Жоғарғы Сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еліміздің жоғарғы сот органында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінде Жеңіс күнін мерекелеу дәстүрі қалыптасқандығын атап өтті. «Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірінде судьялар мен сот қызметкерлері ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, сот жүйесінің бұрынғы қызметкерлерін құттықтауда. Олар ардагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпат жасап, концерттер ұйымдастырып, соттардағы жаңашылдықтармен бөлісуде», - деді ол.

Қ.Мәми ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне деген құрметтің мереке күндерімен ғана шектелмей, жыл бойына жалғасу қажеттігін атап өтті.  «Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатары жыл сайын сиреп барады. Бүгінгі қазақстандықтардың ұрпағы олардың соғыс жылдарындағы ерліктерін есте сақтайтындығын және құрметтейтіндігін іс жүзінде көрсетуіміз керек», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы.

Іс-шара соңында Жоғарғы Сот судьясы Ғалымжан Мырзаке әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі