Жоғарғы Сот судьясы Р.Мамырбаев Жеңіс Күні қарсаңында әкесінің «Даңқ» орденімен марапатталғандығы туралы хабар алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахымбек Мамырбаев Ұлы Отан соғысына қатысқан әкесі Нұрмұхамет Мамырбаевтың III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандығы туралы жақында хабар алды.

Майдангердің өзі 1979 жылы қайтыс болды. Көзі тірісінде соғыс ардагері алты баласына Белград қаласының маңында 17 неміс солдатының көзін жойып, бес адамды тұтқынға алғандығы жөнінде үнемі айтатын. Бекетте тұрып, ержүрек сарбаз өздерін югославтық партизандарға жатқызған 50 адамнан құралған немістердің колоннасын тұтқындаған.

Судья әкесінің осындай жоғары марапатқа ие болғандығы жөнінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында ресейлік зерттеушілер тобы мұрағат мәліметтерін жариялау кезінде кездейсоқ білген. 1944 жылғы 21 қазандағы жарияланған марапаттау парағында «Жолдас Мамырбаев ерлік пен батырлық, жоғары қырағылық танытқандығы үшін Үкіметтік марапат – III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталады деп жазылған.

Нұрмұхамет Мамырбаев соғыс кезінде Қызыл әскер гвардиясының Суворов бригадасы Қызыл Ту орденді Төменгі-Днестерлік 36 гвардиялық танктік автоматшылардың моторландырылған батальонының автоматшысы болып қызмет етті.

Алайда, жоғары марапатты ардагердің ұрпақтары әлі күнге дейін алған жоқ. Судья Р.Мамырбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне аталған марапатты алуға ықпал ету туралы өтініш жасамақшы.

Бұл күндері Қазақстанда Ұлы Жеңістің 71 жылдығы кеңінен атап өтілуде. Соғыс жылдары майданға республиканың әрбір бесінші тұрғыны, яғни шамамен 1 млн. 200 мың адам қатысқан. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 520 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, 110 мыңы Даңқ орденімен марапатталды. Алайда, бұл тізім әлі де толық емес екендігі анықталды, мараптталғандар қатарында қызыл әскер гвардиясының жауынгері Нұрмұхамет Мамырбаев секілді отандастарымыздың жаңа есімдерімен толықтырылуы мүмкін.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі, ардагер