Қостанай облыстық соты қылмыстық істі қарау барысында тараптарды бітімгершілікке келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Асламбек Мерғаливтің төрағалық етуімен сотталушы Олжас Каменовтің Арқалық қалалық сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 23 ақпанында сағат 10.30 шамасында сотталушы Арқалық қаласында тұратын 74 жастағы зейнеткердің  мүлкін ұрлап кеткен.

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес О.Каменовке 1 жыл 1 айға мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот үкімімен келіспеген ол апелляциялық шағыммен облыстық сотқа жүгінген.

Бейне-конференц байланысты қолдану арқылы өткен сот отырысы барысында процеске қатысушылар істі сот медиациясын қолдану арқылы тараптардың бітімгершілікке келуімен қысқартуға қарсылық келтірген жоқ. Жәбірленуші де өз тарапынан  сотталушының келтірген шығынын өтегендігін және кешірім сұрағанын мәлімдеді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі