Сот азаматтардың құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Алтынсарин аудандық сотына П. тұрғын үйден Ф.-ны шығару туралы талап қойып жүгінді. Осы өткен жазда К. деген әйел  Ф. деген 87 жастағы зейнеткер әйелді тұрғын үйден шығаруды ұйғарды. Ол сотқа берген талап-арызында қарт әйелдің кезінде үйді сатып алмақ болып, оның ақшасының тек бір бөлігін ғана бергенін атап көрсетті. Олар сондықтан Ф. үйде тұра тұрады, ал К. сатып алу-сату шартын ресімдеумен айналысады деп өзара келіседі. Құжат ретке келтірілген кезде зейнеткер әйел үйдің ақшасын толығымен төлеуден немесе үйді босатудан бас тартады. Іс бойынша сот отырысына дайындық кезінде ұсынылған құжаттар бойынша кемшіліктердің бар екені анықталды. К. осы кемшіліктерді жоймады, ал талап-арызды кері қайтару туралы ұйғарым заңды күшіне енді.

Бір ай уақыт өткеннен кейін енді П. деген біреу Ф.-ға тап осындай талап қойып, Ф. мен К. шілде айында жасаған шартты ұсынды.

Сот жауапкердің жасын ескере келіп, оның мүдделерін қорғау үшін ресми өкіл – адвокатты, сондай-ақ даулы үйді сататын адамды іске қатыстыруды ұйғарды.

Адвокаттың ұсынуы бойынша Ф. мәмілені жарамсыз деп тану және өзі үйді 7 жылдан астам уақыт бойы иеленіп келе жатқандықтан сол үйге өзінің меншік құқығын тану туралы үйдің жаңа иесіне қарсы талап-арыз берді.

Анықтай келгенде, П. мен К. екеуі бір-бірімен таныс болып шықты әрі П. өзін К. алдады деп есептейді екен. Оның үстіне үлкен кісімен арадағы жағдай оған белгісіз болып шыққан. Зейнеткер сотта өзінің үйдің ақшасын толығымен төлегенін, осы 7 жыл ішінде үйдің бұрынғы иелерінің өзін мазаламағанын әрі ақша да сұрамағанын айтып сендірді. Ол өзінің үйді күтіп-ұстап отырғанын да соттың назарына жеткізді. Оның осы уәждерін жергілікті әкімдіктің өкілдері, кенттің бұрынғы әкімі мен көршілері де растады. Олар тұрғын үйсіз қалған жалғызбасты анаға әкімдіктің осы жартылай бүлінген жерүйді бергенін айтып берді.

П. жағдайды бағалай келіп, қойған талабынан бас тартты.

Сот зейнеткердің пайдасына шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қызылорда қалалық сотында Т.-ның жұмысқа қайта алу және лажсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіру туралы Ұлттық банктің филиалына қойған талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Т. банкте заңгердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеген болатын.

Сот талқылауы барысында жауапкер еңбек шартын бұзып, Т.-ны біржақтылы тәртіппен қызметінен босатқаны анықталды. 

Сот тараптарды тыңдап, іс материалдарын зерделеп, жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тапты. Лажсыздан бос жүрген уақыты үшін талапкердің пайдасына жауапкерден 410 000 теңге өндірілді.

 

 

Г. жұмысқа қайта алу, лажсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіру туралы колледжге талап қойып, Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотына жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен шешудің артықшылықтары түсіндірілді. Соның нәтижесінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиациялық шарт жасасты. Ол бойынша жауапкер талапкерді жұмысына қайта алуға және лажсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы төлеуге, ал талапкер талап-арызын кері қайтарып алуға міндеттенді.

Сот келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі