56 миллион теңге қарызды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық соты 2018 жылдың 12 мамырынан бастап «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іс асыруда. татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін сотта медиация кабинеті ашылды, онда тараптардың бейресми жағдайда үшінші, мүдделі емес тараптың – татуластырушының көмегімен жанжалды шешу мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сот дауды екі тарап үшін де өзара пайдалы нәтиже болатындай етіп реттеуге мүдделі.

Мысалы, сот бір азаматтың екінші азаматқа 56 000 000 теңге қарызын өндіріп алу туралы талап арызын қарады.  Жауапкер екі жыл бұрын талапкерден қолхат арқылы қарызға ақша алған, алайда қаржылық жағдайына байланысты келісілген күні қарызын қайтармаған.

Жоба шеңберінде судья-медиатор тараптарға татуласу рәсімдерін қолданудың артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхат түсті, оған сәйкес жауапкер талапкердің меншігіне мүліктік кешенді беруге, ал талапкер өз кезегінде талап қою арызынан бас тартуға міндеттеме алды. Төленген 280 000 теңге мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі