Қостанайдың Кәсіподақтар үйінде «Татуласу орталығы» ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты Кәсіподақтар үйімен бірлесіп «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Татуласу орталығын ашты. Орталық дауларды соттан тыс шешуді кеңейту және қоғамдағы жанжалды төмендету бағытында жұмыс істейтін болады.

Ашу рәсіміне судьялар, кәсіподақ өкілдері, ардагерлер, медиаторлар, адвокатура мен нотариаттық палата қатысты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих татуласу рәсімінің артықшылығы туралы айтып берді. Ол Мемлекет басшысының әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуді алға мақсат етіп қойғанын еске салды. Осы бағытта сотта қаралатын даулар мен жанжалды жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ қоғамды өзара құрмет пен түсіністікке тәрбиелеу үшін медиацияны кеңінен қолдану маңызды. Алқа төрағасы өз сөзінде медиацияны тек сотта ғана емес, сонымен қатар соттан тыс жүргізудің қажеттілігіне де назар аударды.   

Орталықта азаматтар мамандардан білікті көмек алып, татуластыру рәсімінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы біле алады.

Іс-шараға қатысушылардың пікірі бойынша осындай мүмкіндіктерді беру жанжалды жағдайларды жедел әрі кешенді түрде шешуге көмектеседі. Медиация сонымен қатар дауларды татуласу жолымен қысқа мерзімнің ішінде әрі соттан тыс шешуге қол жеткізеді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі