Алматының Түріксіб ауданында Соттан тыс татуласу орталығы ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Салтанатты рәсімнің ашылуына судьялар, Алматы ауданы әкімі аппаратының өкілдері мен медиаторлары қатысты.

Орталық сот пен аудан әкімдігі арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында ашылды.

Орталықтың жұмысы соттан тыс рәсімдерді жан-жақты дамытуға бағытталған. Туріксіб ауданы ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі болып табылады. Мұнда  230 мыңнан аса адам тұрады,  көптеген сауда-өнеркәсіп ошақтары мен кәсіпорындар шоғырланған.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық сот төрағасы Жомарт Мухамбетжан Орталықтың медиаторлар мен халықтың  консультациялық-практикалық жұмысы үшін бірегей алаңға айналатынын тілге тиек етті.

«Ауданда қалалықтардың даулар мен жанжалдарды татуласу рәсімдерінің көмегімен сотқа жүгінгенге дейін шешу мүмкіндігі үшін жағдайлар жасалып отыр. Бұл олардың уақыт пен қаражатты үнемдеуіне, ең бастысы ізгілікті қарым-қатынастарды сақтап қалуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ж.Мухамбетжан.

Медиаторлардан басқа Орталық базасы негізінде психологтар да жұмыс істейтін болады. Онда келушілер келіссөздер, талап қою рәсімі,  медиация, татуласу келісімдері, атқару жазбалары мен партисипативтік рәсімдер смияқты дауларды реттеу тәсілдерінің баламалы амалдарының артықшылықтары туралы ақпарат ала алатын болады.

Орталық барлық қажетті жиһазбен, компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Кабинеттерде сондай-ақ анықтамалықтар мен әдістемелік әдебиет бар.

Источник: 
Алматы қалалық соттардың баспасөз қызметі