Алматы қалалық сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Нұрғазы Абдиқанов өзі басқаратын Алматы қалалық сотындағы фойенің жаңа бейнесімен келушілерді таныстырды.

«Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында өткізілген іс-шараға судьялар, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген, Сот әкімшісінің жетекшісі Данияр Қырықбаев, заңгерлер мен блогерлер қатысты.

Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып жабдықталған кең залда (200 кв.м.) жайғастырылған. Офис хай-тек үлгісінде, жайлы да ашық кеңістікке басымдық беріле отырып безендірілген. Кіре беріс кеңістікті қайта ұйымдастыру тұрғысындағы мұндай - «кедергісіз» ұстаным көзқарасы  ашықтық пен қолжетімділікті, сотқа келушілерге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Фронт-офисте ақпараттық орталық, кеңсеге кіру мен өзіне-өзі қызмет ету аумағы орналасқан. Бұл күту аумағы қатар тізген креслоларымен, мобильді қондырғыларды қукаттап алу мүмкіндігімен,  кондиционирлеу жүйесімен,  Wi-Fi-ге қолжетімділікпен және телефон байланысымен өзіне назар аударта түседі. Залда  су құйылған диспенсер бар.

Кеңсеге кіру  аумағында сотқа келуші қажетті құжаттарды қолма-қол, сол сияқты электрондық нұсқада да тапсыра алдаы.

Жеке қызмет көрсету аумағы да нақ осы арада орналасқан, мұнда қалалық сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдау жүргізетін болады.

Фронт-офистің жұмысын кәсіпқой қызметкерлер штаты қамтамасыз етеді.

Биылғы жылы  фронт-офистер Алматының бірқатар аудандық соттарында да ашылады.

Источник: 
Алматы қалалық соттардың баспасөз қызметі