Көкшетаудағы Достық үйінде медиация кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы әкімінің қолдауымен Көкшетау қаласының Достық үйінде медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинетін ашу салтанатында Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшілігі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова дауларды соттардан тыс шешуді одан әрі дамыту мақсатында өңірдегі барлық аудандар әкімдіктерінің жанында медиация кабинеттері ашылатынын хабарлады. Аталған кабинеттер азаматтардың медиаторларға жүгінуіне, тұрғылықты жерінен шықпай-ақ дауды шешуге мүмкіндік береді.

«Медиацияның тиімді жақтары көп. Мәселен, рәсімдеудегі қиындықтардың аздығы, дауды шешуге бағытталуы және татуласуға қол жеткізу мүмкіндігі мол» - деп атап өтті медиатор Сәуле Сақтағанова.

Азаматтарға медиацияның ерекшеліктерін түсіндіру үшін Ақмола облыстық сотында құрылған мобилдік топ құрамына отставкадағы судьялар Сәуле Сақтағанова, Ғайша Сыздықова кірді.

Медиация кабинеті қажетті техникамен, анықтамалық материалдармен және буклеттермен жабдықталған. Медиацияны қолдану аясы және оны жүргізу қағидаттары туралы ақпараттар жазылған арнайы стенд орналастырылған. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі