Ақмола облыстық соты өткен жартыжылдықты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты кеңейтілген жалпы кеңесте 2016 жылдың 1 жартылдығындағы облыс соттарының жұмысын қорытындылады. Кеңеске Жоғарғы Сот кеңесінің мүшесі Жақсылық Аланов қатысты.

Судьялар корпусы сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау мен соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру сұрақтарын талқылады.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттары 31 177 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс пен материал қарады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда (28 433) 2 734 іс пен материалға немесе 8,8%-ға көбейген.

Алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды. Тергеу судьяларымен 1 291 материал қаралды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, мемлекеттік және басқа да органдардың басшыларымен кәсіби міндеттерін орындау кезінде сөз бұйдашылық, ұқыпсыздық пен жауапсыздық, материалдық және процестік заңдарды бұзу фактілері бойынша облыс соттары 44 жеке қаулы шығарды.

Медиатордың қатысуымен қаралған азаматтық істердің саны 2 есеге ұлғайған. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында медиатордың қатысуымен 71 азаматтық және 39 қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіндегі жаңашылдықтың бірі партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен бекітіледі. Облыс соттарымен патисипативтік рәсімді бекітумен 3 азаматтық іс қаралды.

Облыстың аудандық және оларға теңестірілген облыс соттарының сот төрелігін атқарудың сапасы қылмыстық істер бойынша 0,5%, азаматтық іс бойынша 1,0%, әкімшілік іс бойынша 0,3% жақсарды. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде процестік мерзімдер бұзылмаған.

2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 2,1%, азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 7,4%, әкімшілік істерді қараудың апелляциялық сот алқасының жұмыс сапасы 0,9% жақсарған.

Облыс соттарының сот отырыстарының залдары жаңартылған аудио және бейне жазу жүйесімен 83%-ға жабдықталған. «Сот кабинеті» сервисі арқылы жеке және заңды тұлғалардан соттарға электронды түрде 10 155 талап-арыздар, сонымен қатар 7 067 әкімшілік материал тіркелген. Облыс соттарында азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, азаматтардан электронды түрде талап арыздарды қабылдау және жолдау үшін компьютер техникасымен жабдықталған үстел орнатылған.

Ж.Аланов өз сөзінде судьяларға жүктеменің тең бөлуіне, соттарда татуласу рәсімдерін қолдануына, шағымдарды азайту мен этиканы сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлуге қажеттілігін атап көрсетіп, судьяларға қызметтеріне табыс тіледі.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов кеңесті қорытындылай келе, судьялар корпусына құқық үстемдігі қағидатын сақтауға, сот төрелігінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауға, сот істерін қарау кезінде сарсаңға салу мен қағаз бастылықты жоюға, судьялар этикасының нормалары мен еңбек тәртібін бұзу фактісіне жол беремеуді қатаң ескертті.

Содан кейін облыстық сотында Ж.Аланов кадр резервінде тұрған жоғары судья лауазымдарына және Ақмола облысының соттарында судья лауазымына тағылымдамадан өтіп жүрген үміткерлермен кездесті.  

Кездесуге кадр резервінде тұрған Ақмола облысының 20 судьясы және облыс соттарында тағылымдамадан өтіп жүрген 4 судья лауазымдарына кандидат қатысты.

Д.Аланов үміткерлермен танысып, әрқайсысымен жеке әңгімелесті және олардың тағылымдамадан өтудің нәтижесімен танысты.

Кандидаттармен кездесуде Д.Аланов судьяның жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді және бүгінгі күні судьялар күшейтілген талаптарға сай болуы керек екенін айтты. «Өйткені, судья Қазақстан Республикасының атынан сот төрелігін жүзеге асырып, әділдік және заңның үлгісін көрсетіп, сенімділікті ұялатуы керек. Судья тек кәсіби маман ғана емес, ондай жұмысқа моральды тұрғыдан дайын болып, оның алдында қандай тапсырмалар мен мақсаттар қойылғанын түсінуі қажет», - деді Д.Аланов. Жұмыс істеп жүрген судьялармен әңгімелесу кезінде Д.Аланов жоғары лауазымға тағайындалу үшін судьяның терең білімі, ұйымдастырушылық қасиеті мен жоғары кәсібилігі қажет деп атап өтті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі