Қарағанды облысының МАЭС қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемелекеттік мекемесінің «Аққұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 109 316 970 теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алу туралы талап арызын қарады.

Қарағанды облысы әкімдігі қаулысымен «Аққұм»ЖШС-не Қарағанды облысы Абай ауданы Жартас селолық округінің жерлерінде орналасқан Жартас учаскесінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін көлемі 10,0 га құрайтын жер учаскесін уақытша ақылы пайдалану құқығы берілген.

Шаруа қожалығынығ басшысы Д.Қасымбеков Қарағанды облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына «Аққұм» ЖШС-нің «Күнгей» шаруа қожалығы аумағында заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіруді жүзеге асырғанын айтып, шағымданған. Аталған шағым Қарағанды облысы бойынша Экология департаментіне тексеріс жүргізу үшін жіберілген.

Тексеріс қорытындысына сәйкес «Аққұм» ЖШС өзіне берілген аумақ  шегінен шығып, құм-қиыршық тас қоспасы түріндегі көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өз бетінше өндіргені, осының салдарынан қоршаған ортаға зиян келтірілгені анықталды.

Анықталған бұл фактіні жауапкер жоққа шығарған жоқ.

Соттың шешімімен Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің талап арызы қанағаттандырылды. «Аққұм» ЖШС-нен республикалық бюджет кірісіне 109 316 970 теңге мөлшеріндегі зиян сомасы, жергілікті бюджет кірісіне 3 279 509 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж сомасы өндіріліп алынды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі