Қарағандыда сот жұмыс міндеттерін атқару кезінде деңсаулыққа келтірілген шығынның орнын толтыру есебіне жұмыс берушіден төленбеген соманы өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты М.-ның «АМТ»АҚ-ға жұмыс міндеттерін атқару кезінде деңсаулыққа келтірілген шығынның орнын толтыру есебіне төленбеген соманы, өтемақы мен сот шығындарын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы шахтада жұмыс істеген. Жұмыс кезінде 2008 жылдан бастап М. кәсіби ауруға шалдыққан. Сонымен қатар, 59% еңбек ету қабілетінен айырылғаны анықталып, үшінші топтағы мүгедектік берілген. Осыған байланысты, талапкер сақтандыру компаниядан сақтандыру төлемдер алып отырған. Жыл сайын аннуитеттік төлемдер өзгеріп тұрады.

Еңбек заңына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы өзгерістерді ескере отырып, сақтандыру төлем мен арасындағы айырмашылықтың зиян келтірілген нақты мөлшерін төлеп тұруы тиіс. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2016 жылдың қарашасына дейін сақтандыру төлемдердің айырмашылығы елеулі.

Сот шешімі бойынша талап арыз қанағаттандырылып, жауапкеден талап қоюшының пайдасына 1 000 000 теңгеден артық сома өндірілді. Сонымен қатар, сот АҚ-ға талапкердің пайдасына жұмыс міндеттерін орындау кезінде азаматтың денсаулығы мен өміріне келтірілген шығынның орнын толтыру есебіне өтелмеген жалақының айырмашылығы түрінде ай сайынғы төлемдер төлеуді міндеттеді.

Шығарылған шешіммен келіспей, жауапкер апелляциялық шағым келтірген.

Қарағанды облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы келтірілген дәлелдерді, істің мән-жайлары мен құқық нормаларын жан-жақты зерделеп, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі