Елордалық сот төрағасы мен Астана қаласының әкімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов Татуласу рәсімдері институтын дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою дауларды шешудің баламалы рәсімдерінің қоғамдық-саяси маңыздылығынан туындады, оның мақсаты дауларды сотқа дейінгі реттеу, қоғамдағы қақтығыстық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ қолайлы құқықтық ортаны жасауға ықпал ететін сотта татуласу рәсімдері институтын жан-жақты дамыту және өзара іс-қимылды нығайту болып табылады.

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев Ұлт Жоспарында баяндалған Елбасының дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын дамыту мен нығайтуға бағытталған идеяларын меморандум толық көлемде ақтайтындығын атап өтті, өйткені дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу тәсілдерінің бірі  медиация болып табылатындығын айтты. Сот төрағасы біздің халқымыз үшін медиация институты өте жақын екендігін атап өтті: ертеректе барлық қақтығыстық жағдайларды билер мен ақсақалдар шешкендігін жеткізді.

Сонымен, татуласу рәсімдерін қолданғаннан кейін ағымдағы жылдың алты айында талапкерлер бюджетке төленген мемлекеттік бажды  қайтарудың жеңілдіктер шарттарын пайдаланып, оларға шамамен 189 279 629 теңге, оның ішінде апелляциялық сатымен 26 177 230 теңге қайтарылды. Статистикалық деректерге сәйкес, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласының соттары татуласу рәсімдерін қолдана отырып 925 істі, оның ішінде медиатордың қатысуымен және соттық медиация тәртібімен 677 істі қараған.

Кездесу соңында тараптар меморандумның қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі конституциялық қағидатын іске асыруға, демократиялық әдістермен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті.  

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі