Атырау облыстық сотының төрағасы ҚХА-ның медиацияны ілгерілету бойынша жұмысын атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткізілген Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясының жұмысына облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ноғаев, этномәдени және діни бірлестіктер басшылары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар өкілдері, облыстық және қалалық маслихат депутаттары қатысты.

Атырау облыстық сотының атынан аталған шараға облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және облыстық сот судьясы Гүлмира Исамберлиева қатысты.

Сессияда сөз алған М.Бектұрғанов 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңның маңыздылығын, соның шеңберінде Қазақстанда жүргізілген белсенді жұмыстар, атап айтқанда, халықаралық медиация орталығының қызметін айтып өтті. Осындай құрылым бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясында қалыптасқан.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл қызметі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, саясиэтникалық қоғамның қазақстандық үлгісін қалыптастыру мен бекітуге бағытталған бірегей  институт. Медиация туралы заңға қол қойылғаннан бастап соттар мен Қазақстан халқы ассамблеясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру мақсатында белсенді қызмет етіп келеді» - деді М.Бектұрғанов.

Қайнар: 
Пресс-служба Атырауского областного суда