Астана қаласының ювеналдық соты республика судьялары үшін семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сонының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әр түрлі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында ювеналдық істерді қарайтын судьяларға арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараға сот төрайымы Н.Раззақ, сот судьясы Ж.Алпысбаева, Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығының психологы Н.Красникова, ювеналдық сот психологы Н.Лютая және кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен дауларды қарастаратын республика соттарының судьялары қатысты.

Семинарда сөз алған Астана қаласының ювеналдық сотының төрайымы Н.Раззақ бала құқықтарын сақтау адам құқықтарын сақтаудан басталады деп атап өтті. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Балалар құқықтары туралы конвенцияда мәлімделген баланың құқығын, бостандығын және мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету қағидасына басымдық бергендігін, бұл қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың белсенділігін арттыра түсті.

«БӘБ» орталығының психологы Н.Красникова жасөспірімдер тұлғасының ерекшелігі, дағдарыс жағдайынан шығу әдістемесі, сондай-ақ, соттарда өткізілетін психологтардың бірлескен жұмысы туралы айтып берді. Семинарда қатысушылар ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Шара соңында ұйымдастырушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі