ювеналдық сот

Қостанайда 2 жастағы баламен араласу туралы ата-ана арасындағы дау партисипативтік тәртіппен шешілді

17/01/2017

Бұрынғы ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы екі жастағы баланың әкесімен кездесу тәртібі бойынша келісімге келе алмаған. Аталған дауды шешуге Қостанай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының араласуы да өз септігін тигізбеген. Қорғаншылық және қамқоршылық органының әке мен баланың кездесіп араласу туралы бекітіп берген кестесі екі тараппен де сақталмаған. Нәтижесінде ата-ананың бірі сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Астана қаласының ювеналдық соты республика судьялары үшін семинар өткізді

10/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сонының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әр түрлі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында ювеналдық істерді қарайтын судьяларға арналған оқыту семинары өтті.

ШҚО-ның №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ЮНИСЕФ өкілдері болды

25/04/2016

ЮНИСЕФ-тің «Өңірлік жоспарлауға инновациялық өзгерістерді енгізу арқылы өңірдің бәсекелестігін арттыру және халыққа қоғамдық қызмет көрсету» бағдарламасының ортақ басқару комитетінің мүшелері Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болды

Орталық коммуникациялар қызметінде ювеналдық соттардың қызметінің негізгі қорытындылары жөнінде брифинг өтті

21/08/2015

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ювеналдық соттардың 2015 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің негізгі қорытындылары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ағымдағы сот практикасы» атты брифинг өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Мейрам Жангуттинов және Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нәзиля Раззақ қатысты.

ЮНИСЕФ, Ювенальный суд, Астана Астана қаласы ювеналдық сотының төрайымы Қазақстандағы ЮНИСЕФ және Еуропа Одағының өкілдерімен кездесті

24/06/2015

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрайымы Н.Р.Раззақтың Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілдері Ю.Оксамитный, А.Бекмус, Е.Ильясовпен және  Еуропалық Одақтың өкілі Г.Дүсіповамен  кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің жетістіктерін және оны жетілдірудің жолдарын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың тәжірибесін талқылау.

Астана қаласының ювеналдық сотында республиканың облыстық соттары судьяларының қатысуымен семинар өтті

03/06/2015

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тапсырмасын орындау шеңберінде Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ювеналдық соттарының судьяларына арналған семинар өтті.  

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағалары мен судьялары қатысты.