ЮНИСЕФ, Ювенальный суд, Астана Астана қаласы ювеналдық сотының төрайымы Қазақстандағы ЮНИСЕФ және Еуропа Одағының өкілдерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрайымы Н.Р.Раззақтың Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілдері Ю.Оксамитный, А.Бекмус, Е.Ильясовпен және  Еуропалық Одақтың өкілі Г.Дүсіповамен  кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің жетістіктерін және оны жетілдірудің жолдарын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың тәжірибесін талқылау.

Жиын барасында Н.Р.Раззақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттар ювеналдық әділет жүйесіндегі ең маңызды буын болып табылатынын, сот билігі кәмелетке толмаған балаларға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты қолданылатынын атап өтті.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ төрағасы Ю.В.Оксамитный Қазақстандағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған сот төрелігі жүйесін дамытуда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттар жұмысының маңызының жоғары екенін айтты.

 – «Қазақстан ювеналдық соттарды енгізу тәжірибесі бойынша  әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бұл кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенцияның басымдылығымен сот істерін әділетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстандағы ювеналдық соттармен әріптестік ынтымақтастық жасауды жалғастыруға әзірміз», -  деді Юрий Оксамитный.

Сұхбат барысында сотқа  сотталушылар, жәбірленушілер, куәлар ретінде қатысатын кәмелетке толмаған балаларға қатысты азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қараудың ерекшеліктері мен қолданыстағы сот тәжірибесі талқыланды.  Қазақстан соттарында балаларға сұрақ қою тәжірибесіне және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігіне зор көңіл бөлінді.

Кездесуде сот төрайымы меймандарды сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырды. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық түрде сотқа құжаттарды беру тәртібі көрнекі түрде көрсетілді.

Кездесу соңында сот төрайымы Н.Р.Раззақ Қазақстанның сот төрелігі жүйесіндегі балалар құқықтар қорғау мәселелері бойынша бірлескен әріптестік ынтымақтастық үшін ЮНИСЕФ және Еуро Одақ өкілдеріне үлкен алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі