Архив событий

12/06/2015

«Закон.kz» ақпараттық агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді

12/06/2015

«Закон.kz» ақпараттық  агенттігі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс кезеңдері» акциясына белсенді қатысқандары үшін Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді. Судьялар әңгімелердің сериясын, ардагерлердің, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктеріндегі соғыс тарихы туралы мақалалар жазған.

Акция өткізу кезінде «Закон.kz» редакциясына соғыс туралы, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен батырлығы туралы жүздеген хат, сондай-ақ фотосуреттер, мұрағаттық және басқа да құжаттар келіп түскен.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық істерді соттарда қарау кезінде Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларын қолданудың өзекті мәселелері талқыланды

12/06/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Соттарда азаматтық істерді қараудағы Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларын қолданудың  өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы м.а. М.Комиршинов жүргізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық, экономикалық, қалалық соттардың судьялары, сондай-ақ прокуратура, банк  ұйымының заңгерлері, экономистер мен сарапшылар қатысты.  

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смагуловты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

12/06/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі  Мейрам Смагуловтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде  күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралды.

Қаланың бұрынғы әкімі ҚР ҚК 307-бабының 4-бөлігі, 307-бабының  3-бөлігі, 307-бабының  1-бөлігінде көзделген  сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдіктеніп отыр (ауыр салдарға әкеп соққан, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану).

С. Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

12/06/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Серік Нығметұлы Ахметовке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралды.

Серік Ахметов ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 311-бабы 5-бөлігі (пара алу), 307-бабы 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310-бабы 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша айыпталып отыр.

Жоғарғы Сот судьяларды қашықтықтан оқытуды жалғастыруда

12/06/2015

Бүгін  Жоғарғы Соттың судьясы Дүйсен Тұмабеков «Ие болу мерзіміне байланысты меншік құқығын тану» тақырыбында дәріс өткізді.

Бейнеконференция арқылы өткен іс-шараға республикамыздың барлық өңірлерінің жергілікті соттарының судьялары қатысты. Барлығы шамамен 160 адам.