Архив событий

02/06/2015

Жоғарғы Сотта Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды

02/06/2015

Бүгін, 2015 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1-бабына сәйкес Сот жюриі жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның отставкаға шығу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылады. Сот жюриінің төрағасы болып Жоғарғы Сот судьясы М.С. Шегенов сайланды.

Республика судьялары балаларды төл мерекелерімен құттықтады

02/06/2015

Ағымдығы жылғы 1 шілде – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарағанды, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстық және Астана калалық сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлеріне барды.

Жоғарғы Сот төлем терминалдарын пайдалану жұмыстарының алғашқы қорытындысын шығарды

02/06/2015

2014 жылдан бастап Жоғарғы Сот  аппараты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік бажды және әкімшілік айыппұлдарды төлеу үшін Астана қаласындағы сот ғимараттарында төлем терминалдарын орнату бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Барлығы 34 жергілікті соттарда терминалдар орнатылды.

Бұл, ең алғашқыда, халыққа жағдай жасау үшін, сондай-ақ тікелей сот ғимаратарында сот ісімен байланысты барлық төлемдерді жүзеге асыру бойынша мүмкіндіктерді ұсыну мақсатында жасалған.