Архив событий

04/06/2015

Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан сот өндірісіне енгізілген ақпараттық технологияларға жоғары баға берді

04/06/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов және Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.Сукало  Алматы қалалық сотына келді.

Қайрат Мәми Алматы қаласындағы халықаралық конференция шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

04/06/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми «Әкімшілік әділ сот: тәжірибе және проблемалар» тақырыбындағы халықаралық конференция шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Ол Бүкіләлемдік Банк жобасының  жетекшісі Амит Мукерджи, Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Валентин Сукало мен Ресей Федерациясы Жоғары  Соты Төрағасының орынбасары Татьяна Петровамен кездесті.

Сот сәулет құрылысы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

04/06/2015

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық соты  «Жарма ауданының құрылыс және сәулет құрылысы, сәулет бөлімі» ММ инспекторы болып жұмыс істеген азамат М.Әлшімбековті айыптау бойынша қылмыстық істі қарады. М.Әлшімбеков лауазымды тұлға бола отырып, өзінің қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану арқылы,  ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп отырған. Ол «СМП-Алматы» ЖШС-нің есеп шотына ақшалай қаражатты заңсыз аударған, салдарынан мемлекетке  235 053 231 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Алматы қаласында «Әкімшілік әділ сот: тәжірибе және проблемалар» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

04/06/2015

Бүгін Алматыдадағы «Inter Continental» қонақ үйінде «Әкімшілік әділ сот: тәжірибе және проблемалар» атты тақырыпта халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бүкіләлемдік банкпен, GIZ Халықаралық Ынтымақтастық қоғамымен және Қазақстандық заңгерлер одағымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғарғы Сотта Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын болып өтті

04/06/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын болды.

Ұжымды мерекемен құттықтай келе, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.Испанов мемлекеттік рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екендігін атап өтті.