Архив событий

10/06/2015

Жоғарғы Сотта сот органдарының Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды

10/06/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов «Алмэкс» Холдингтік топ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы және «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының» өкілі М.Т. Есенбаевпен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Р.С.Енсебаевпен сот органдарының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Ақтөбеде жол-патрульдік инспекторына қатысты үкім жарияланды

10/06/2015

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында жол-патрульдік инспекторы Д.Дүйсенбайға қатысты үкім жарияланды.

Айыптау актісіне сәйкес, Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасының жол-патрульдік батальонының полиция қызметкері лауазымын атқара тұра, ол ағымдағы жылғы 5 және 6 мамырда азамат В.Бурячковтан 40 000 теңге көлемінде пара алған. Осылайша, мемлекеттiк қызметке және мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы келетін сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық қылмысын жасаған.

БҚО-да азаматтық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

10/06/2015

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында «Талап өндірісіндегі азаматтық істер бойынша сот шешімін құру әдістемесі» тақырыбында жас судьяларға арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Шараға облыстың судьялары және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасы Судьялар одағының және Америкалық заңгерлер қауымдастығы өкілдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

«Silicium Kazakshtan» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 258 млн. теңге мөлшерінде қаражат өндірілді

10/06/2015

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының «Silicium Kazakhstan» ЖШС-нен қоршаған ортаның ластануына байланысты келтірілген зиян сомасын 258 850 730 теңге мөлшерінде өндіріп алу талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.