Архив событий

01/06/2015

Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесті

01/06/2015

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісі Зулкифли бин Бахаруддинмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынастардың өзара түсіністік пен сенім ахуалында дамып келе жатқаны атап өтілді. Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып саналады.

Ақмола облыстық сотының алқа төрайымы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен марапатталды

01/06/2015

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердығұловаға Қазақстан Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың Құрмет Грамотасын тапсырды.

Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі үшін Ақмола облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердығұлова Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында кадрлық өзгерістер болды

01/06/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров облыстық соттың жаңа судьяларын  таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 25 мамырдағы № 25 Жарлығына сәйкес Г.Қ.Әбдірахманова  Өскемен қаласының №2 сотының судьясы қызметінен, М.Т.Қадырова мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен, Қ.Қ.Қалымова Семей қаласының №2 сотының  судьясы қызметінен, Н.М.Рахметуллина Өскемен қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Шығыс Қазақстан облыстық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Ақмола және Көкшетау облыстық соттарының алғашқы төрағасының есімі Көкшетау қаласының бір көшесіне берілді

01/06/2015

2015 жылы 30 мамыр күні Көкшетау қаласы орталық көшелерінің біріне Ақмола және Көкшетау облыстық соттарының алғашқы төрағасының есімін беруге арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімдігі мен мәслихат өкілдері, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері және көше тұрғындары қатысты.

Облыстық мәслихатының шешімімен Красная көшесі бұдан былай Әлімжан Баймұқановтың есімімен аталатын болды.