Архив событий

19/06/2015

Жоғарғы Сотта жергілікті соттар судьяларымен кезекті бейнедәріс откізілді

19/06/2015

Бүгін Жоғарғы Сот жергілікті соттардың судьяларымен бейнебайланыс арқылы «Қылмыстық процестегі мәміле» атты тақырыпта бейнедәріс өткізді.

Өткізілген бейнедәрісте Жоғарғы Соттың судьясы Л.А. Ағыбаева жергілікті соттар судьяларының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіндегі аталған тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап берді.

Ұлт жоспарындағы Елбасы тапсырмасын іске асыруда тағы бір өрелі іс өмірге жолдама алуға дайын

19/06/2015

Бүгін «Егемен Қазақстан»  газетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Инвестициялық сот – экономикалық өсімнің кепілі» атты мақаласы жарық көрді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот білімінің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері талқыланды

19/06/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Сот білімінің ұйымдастырушылық және әдістемелік  мәселелері»  тақырыбында екі күндік семинар өткізілуде.

Семинардың жұмысына Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Ержан Дәулиев, Жоғарғы Соттың судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестріушісі Айгүл Қыдырбаева, отставкадағы судьялар, облыстық және қалалық соттың судьялары, оқу бағдарламаларының үйлестріушілері, психологтар, халықаралық сарапшылар және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқытушылары қатысты.