Архив событий

17/06/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Тілім - тірегім» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

17/06/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпазы, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбидің «ТІЛІМ − ТІРЕГІМ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен алқа төрағалары, судьялар және кеңсе қызметкерлері, тілші-ғалымдар, облыс, қала әкімдіктерінің білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.