Архив событий

11/06/2015

Астана соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысын үйде қамауда ұстауын санкциялады

11/06/2015

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қ. Үсеновке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы берген және Астана қаласы прокуратурасы келіскен үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Қ.Үсенов «ЭКСПО-2017»-нің консультанты қызметін атқаруда.

Сот балабақша ғимаратын мемлекет меншігіне қайтарды

11/06/2015

Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы аудандық прокурордың талап арызы бойынша жеке кәсіпкер С.Ахметовтен және жергілікті атқарушы органдардан бұрынғы балабақша ғимаратын мемлекет меншігіне қайтару туралы азаматтық істі қаралды.

Іс құжаттарында көрсетілгендей, жауапкер С.Ахметовтың балабақша ғимаратына қатысы тек тексеру комисиясының актісімен расталады. Актіге сәйкес, комиссия ғимаратты бос және иесіз қалдырылған деп тану рәсімі өту кезеңінде балабақша қорын сақтау үшін жауапкердің меншігіне беру туралы шешім қабылдаған.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары салық және кеден органдарының әрекеттеріне шағымдану мәселелерін талқылады

11/06/2015

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Салық, кеден органдарының әрекеттеріне шағымдану. Мемлекеттік органдармен дауларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Осы іс-шараға судьялар, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаментінің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Қарағанды облыстық сотында тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

11/06/2015

Бүгін Қарағанды облыстық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Әріпов, облыстық соттың судьясы К.Нурмағамбетова, қалалық соттардың төрағалары, прокуратура, Ішкі істер департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

11/06/2015

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 1-бөлігіне (адам өлтіруге оқталу) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сотталушы С. жәбірленуші Қ.-ны ауыр дене жарақатына ұшыратқан. Дәрігерлік көмек уақытылы көрсетілгендіктен, жәбірленуші аман қалған.

Сотталушының өтініші бойынша қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Ақмола облыстық соты жанындағы Қоғамдық кеңесте кадрлық өзгерістер орын алды

11/06/2015

Судья лауазымына үміткерлердің кандидатураларын талқылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында доғарыстағы судья Мейрам Ғибәділовті Кеңес төрағасы қызметінен өз еркімен босату туралы шешім қабылданды.

Жан-жақты талқылаудан соң бұл лауазымға доғарыстағы судья Темірхан Қасымов ұсынылды.

Маңғыстау облысында жалақы қарызын өтеу жөніндегі талап арыз қанағаттандырылды

11/06/2015

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында талапкер К.Ақшолақованың жауапкер «Түпқараған» ЖШС-нен жалақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкерге 2014 жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айын қоса есептелген кезеңдегі жалақысы және жұмыстан шыққаннан кейін ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақысы төленбеген. Сонымен қатар 2013 жылғы сәуір айынан бастап оның жалақысынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталған, бірақ қаржы зейнетақы қорына аударылмаған.