Алматы қаласы мен Алматы облысы судьяларының кәсіби қызметі бағаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 12-19 мамырда Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Алматы қалалық соты, Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары, сонымен қатар Алматы облыстық соты, Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының кәсіби қызметін бағалауды жоспарға сәйкес өткізді.

Судьялық жұмыс өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықтағы судьялардың кәсіби қызметі бағаланды.

Қызмет атқаратын Алматы қалалық соты, Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарының 120 судьяларының ішінен 114 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды. 6 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.

Қызмет атқарып жүрген Алматы облыстық соты, Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының 73 судьяларының ішінен 67 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды. 4 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізуге, ал 2 судьяға басқа сотқа, басқа мамандануға ауысуға ұсыным жасалды.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы мүшелері судьяларының материалдық және процестік заңнамаларды меңгеруге қатысты білімін бағалау кезінде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы С.Қаракүзеева, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының судьясы Ш.Ерғалиева және Алматы облысы Қаратал аудандық сотының судьясы Ж.Нүсіпованың қолданыстағы заңды теориялық түрде жоғарғы деңгейде меңгергенін көрсеткені атап өтілді. Аталған судьяларды жоғары тұрған сатыдағы соттың лауазымына кадр резервіне қою туралы біліктілік комиссиясының мүшелері ұсыным жасады. 

Бұған қоса, біліктілік комиссиясының мүшелері судьялардың кәсіби қызметін бағалауда сот әділдігін жүзеге асыру барысында жұмыс көрсеткіштері және құқық нормаларын меңгеруде білімдері төмен Алматы қаласының 17 судьясы, Алматы облысының 6 судьясы ескерту жасау арқылы өткендігі атап өтілді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі