Шығыс Қазақстан облысының соттары кәсіби қызметті бағалаудан өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 22-25 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьяларын кәсіби бағалаудан өтті. Бағалау Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы тарапынан жүргізілді.

Кәсіби қызметі бағаланатын Шығыс Қазақстан облысының соттары судьяларына еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты құрайтын судьялар кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы соттарының 105 судьясының кәсіби қызметін бағалау нәтижесі бойынша 102 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды, 3 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.

Шығыс Қазақстан облысы судьяларының кәсіби қызметін бағалау барысында Сот жюриі біліктілік комиссиясының мүшелері Семей қалалық сотының төрағасы мен судьясын жоғары тұрған сатыдағы соттың лауазымына ілгерілету мақсатында кадр резервіне қою туралы ұсыным жасады. 

Облыстағы 12 судьяның, соның ішінде аудандық соттардың 6 төрағасына сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы жұмыс көрсеткіштерінің, сонымен қатар материалдық және процестік құқық нормаларын меңгерудегі біліктіліктерінің төмен болуына байланысты ескерту жасалды.   

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі