Архив событий

01/09/2016

Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды

01/09/2016

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды. Академия «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының оқу мен сот практикасының өзара байланысын күшейтуге бағытталған 18-қадамын орындау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Академияға жоғары оқу орнының айрықша мәртебесі берілді.

Шығыс Қазақстан облысының соттары кәсіби қызметті бағалаудан өтті

01/09/2016

Ағымдағы жылдың 22-25 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьяларын кәсіби бағалаудан өтті. Бағалау Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы тарапынан жүргізілді.

Кәсіби қызметі бағаланатын Шығыс Қазақстан облысының соттары судьяларына еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты құрайтын судьялар кіреді.