Архив событий

02/09/2016

Қазақстан Жоғарғы Соты Төрағасы Ұлыбританияның экс-Жоғарғы судьясы лорд Гарри Кеннет Вульфпен кездесті

02/09/2016

Бүгін Қайрат Мәми Ұлыбританияның бұрынғы Жоғарғы судьясы лорд Вульфпен кездесті. Іс-шара лорд Вульфтың «Астана» Халықаралық қаржы орталығына сапары шеңберінде өтті.

Ақтөбе облыстық сотында сот төрелігін жүзеге асыру барысында сотталушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

02/09/2016

Ақтөбе облыстық соты прокуратура және ішкі істер Департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Сотталушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету сот төрелігін уақытылы жүзеге асыруда міндетті шарт» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» барысында жәбірленушілердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ҚР ҚПК-нің және ішкі ведомстволық талаптарын қатаң сақтау бойынша бірқатар ескертпелер айтылды. 

Сот ЖШС-ті зейнетақы төлемдерін аударуды міндеттеді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен Н.Дудецкаяның «Эскор» ЖШС-нен зейнетақы төлемдерін аударуды міндеттеу бойынша талап-арызымен азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жауапкерде 2009-2013 жж. аралығында жұмыс істеу кезінде, оның айлық жалақысынан міндетті зейнеттік жарғысының ұсталғандығьн және олардың зейнеттік қорға түспегендігін, соның салдарынан қарыздар болып қалғандығын айтып өзінің талаптарын жеткізді.