Архив событий

22/09/2016

Нотариустың зейінсіздігі сот дауына алып келді

22/09/2016

Семей қалалық соты ШҚО Нотариалдық палатасына қатысты нотариустық қызметті атқарған нотариустың салғырттығына байланысты жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарым Е.Попова, В.Шушаковадан, Л.Андриенкоға қатысты мұрагерлікті жарамсыз деп тануға байланысты арызы негізінде қаралған азаматтық іс бойынша шығарылды.

Жоғарғы Сотта Қазақстан халқының Тілдер күніне орай семинар өткізілді

22/09/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдер күні деп жарияланған. Осы мереке елімізде 1998 жылдан бастап атап өтіледі.

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай Жоғарғы Сот республика соттарының судьялары мен қызметкерлері үшін бейнеконферецбайланыс арқылы «Сот актілері мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде жасау сапасы туралы» атты семинар өткізді.

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаеваның ҚХР Жоғарғы Халық Соты төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Дэюнмен кездесуі өтті

22/09/2016

Алматы қаласында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А. Қыдырбаеваның партком төрағасының орынбасары, ҚХР Жоғарғы Халық Соты төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Дэюнмен кездесуі өтті.

А. Қыдырбаева мейманды қарсы ала отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың өзара түсіністік пен сенімділіктің дәстүрлі аясында дамитынын атап өтті. Екі елдің сот органдарының арасындағы белгіленген түсіністік пен тұрақты қарым-қатынас қазақстандық-қытайлық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылатыны ескерілді.

Бүгін ОКҚ-де «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылар арасындағы электронды онлайн-сауалнаманың қорытындысы» тақырыбындағы брифинг өтті

22/09/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылар арасындағы электронды онлайн-сауалнаманың қорытындысы» тақырыбында брифинг болып өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба, Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта және Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Аманжол Мұхамедияров қатысты.

Астанада «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің ашылу рәсімі өтті

22/09/2016

Астана қаласында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Экспозиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезіне арналған.