Архив событий

30/09/2016

Жоғарғы Сот судьялары Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды

30/09/2016

«Қазақстан Республикасының судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Жоғарғы Сотындағы филиалының төрағасы Ғ.Мырзаке және филиалдың мүшелері Е. Максюта, Б. Тоқтарова және Н. Жолдасбеков Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Сапар Қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану бойынша мәселелері талқыланды

30/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты облыстық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьялары мен облыстық прокуратураның, мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіпкерлер палатасының басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану бойынша қаралатын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Атырау қалалық соты «Мүгедектер құқығы туралы» Конвенция нормасын қолданып, мүгедектің құқығын қорғады

30/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Щ.-ның Атырау қаласы әкімінің қаулысы мен мемлекеттік актіні заңсыз деп тану туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы 1929 жылғы туылған, 2 топтағы мүгедек Щ. өзіне тиесілі жер учаскесінің жарты бөлігінен айырылған. Бұрын талап қоюшыға жер учаскесі 0,0962 га-ға дейін қысқартылған жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар акт берілген.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алчинбаев кезекті онлайн-конференциясын өткізді

30/09/2016

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды.

Осылайша, облыстың кез-келген тұрғынына сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтынның төраға блогындағы «сұрақ-жауап» айдары арқылы соттар қызметіне қатысты қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік ұсынылған.