Архив событий

05/09/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

05/09/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Бұл күні Қайрат Мәмидің қабылдауында республика бойынша 11 адам болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.