Архив событий

21/09/2016

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

21/09/2016

Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Ақтөбе қалалық соты мүгедектің үй алу кезегін қалпына келтірді

21/09/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Г. Жаманқұлованың жауапкер «Ақтөбе қалалық Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге үй алу кезегін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жамбыл облысының судьялары сот жүйесінің ардагерін мерейтойымен құттықтады

21/09/2016

Облыстың сот корпусы сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Бұжықов Мұхан Төлебайұлын 90-жастық мерейтойымен құттықтады .

Мерейтойда Қазақстан Республикасының судьялар Одағы Орталық кеңесінің атынан Мұхан Төлебайұлына «Сот жүйесінің құрметті ардагері» медалі және Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

Мұхан Төлебайұлы барлық еңбек жолын сот төрелігіне арнаған.