Архив событий

15/09/2016

11 азаматтың еңбек құқықтары қорғалды

15/09/2016

Өскемен қалалық сотына 11 азамат «ВК» ЖШС-нен еңбек ақыларын өндіру және жинақтаушы зейнетақы қорына жарнаны аударуды міндеттеу жайлы талап арызбен жүгінген.

Аталған азаматтық іс бойынша 11 азаматтың жауапкердің еңбек ақысына қатысты берген анықтамасына сай, талаптары толығымен қанағаттандырылды.

Соттың  шешімімен жұмыс берушіден 11 талапкердің пайдасына  еңбек ақыдан 13 612 303 теңге қарыз өндірілді және олардың біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерін аудару жөнінде сот жауапкерді міндеттеді.

Қарағандыда сот органдарының онлайн-қызметтері талқыланды

15/09/2016

Қарағанды облыстық сотында «Сот кабинеті сервисі – сот органдарының қызметтері мен онлайн-сервисіне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды облысының соттар Әкімшілігінің басшысы Дүйсен Құсбеков, оның орынбасары Дархан Ахашов, ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шынар Солтаева, Қарағанды қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, сондай-ақ облыстың адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.