Архив событий

23/09/2016

Жоғарғы Сотта «А» корпусының қызметшілеріне арналған семинар-тренинг өтті

23/09/2016

2016 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған «Көшбасшылық. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі менеджмент» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – көшбасшылық туралы білімді жетілдіру арқылы басшы қызметінің тиімділігін арттыру.

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі азматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

23/09/2016

Ақтау қаласының №2 сотында «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция ережелерінің орындалуы бойынша мүгедектердің сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Қанзиба Рыскалиева және судьялар, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, медиаторлар, мүгедек балалардың ата-аналары және БАҚ өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысында медиация артықшылығын түсіндіру бойынша мобильді топ құрылды

23/09/2016

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық соттың басшылығының бастамасымен мобильді топ құрылды, оның құрамына қызмет істейтін және отставкадағы судьялар, кәсіби медиаторлар, адвокаттар, этномәдени бірлестіктердің басшылары кіреді. Құрылған топтың мақсаты аудан орталықтары мен облыстың шалғай аудандарының тұрғындарына медиация және татуластыру ресімдерінің артықшылығын түсіндіру болып табылады.

Мобильді топ облыс аудандарының ішінде ең бірінші Аққайың ауданы мен М.Жұмабаев ауданында болып қайтты.

Атырауда сот анасын күтіп-бағу үшін ұлынан алимент өндірді

23/09/2016

Атырау қалалық сотымен азамат В.-ның ұлы С.-ға өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы талап қою арызында жүрегіне ота жасалғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат екенін, қазіргі уақытта жолдасымен бірге тұратынын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда зейнетақылары қымбат дәрі-дәрмектерге жетпейтінін көрсеткен.