Архив событий

29/09/2016

Алматы облыстық соты қылмыстық іс бойынша өндірісті медиация тәртібімен қысқартты

29/09/2016

Алматы облыстық соттарымен сот медиация тәртібімен істерді қарауды көтеру және рәсімдердің артықшылықтарын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2016 жылдың  29 қыркүйегінде А.Ермекова апелляциялық түскен шағымы негізінде қылмыстық істі қарап, медиация тәртібімен қысқартты.

Жамбыл аудандық сот үкімімен А.Ермекова ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен (тонау) сотталып, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Ақтөбе қалалық соты талапкерлер пайдасына 1 000 000 теңге көлемінде моралдық залал өндірді

29/09/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкерлер И.Кичкина мен Ю.Науменконың жауапкерлер «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚРМК және «Медицинский Центр Евразия» ЖШС Ақтөбе филиалынан 10 000 000 теңге көлемінде моралдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.