Архив событий

08/09/2016

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың «Қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен Жоғарғы Сот және Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

СҚО бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы Отбасы күні қарсаңында көп балалы қызметкерді құттықтады

08/09/2016

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы Отбасы күні қарсаңында көп балалы қызметкер Динара Мұқанованы құттықтады.

Д.С. Мұқанова 13 жылдан астам уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бас маманы болып істейді. Бүгінгі таңда Динара бала күтіміне байланысты демалыста. Мұқановтардың отбасында 6 бала бар. Үлкені 16 жаста болса, кенжесі – 1 жаста. Динараның жұбайы Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім болып істейді. Жақын арада көп балалы анаға «Күміс алқа» медалі табыс етіледі.

Павлодар облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

08/09/2016

Бүгін Павлодар облыстық сотының президиум отырысында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге Павлодар облыстық сотының төрағасы М. Смағұлов және өңір судьялары қатысты.

Ақтөбе облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдастық бірлестігі өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

08/09/2016

Ақтөбе облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдастық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастыққа қол қойылды.  

Меморандум мақсаты – сот жүйесі мен жалпы құқық саласындағы реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, сот жүйейсінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты жарықтандыру, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін, сот жүйесінің беделін жақсарту болып табылады.

Атырау облыстық сотының төрағасы шалғайдағы ауыл тұрғындарымен телекөпір өткізді

08/09/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов онлайн-режимде Атырау облысының Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Марғұлан Бектұрғанов еліміздің қазіргі заманғы сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар мен жетістіктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, төраға азаматтарды республика судьяларының VII съезі қарсаңында облыстық соттың «төраға блогына» соттардың жұмысын жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жолдауға шақырды.

Судьялар одағының төрағасы мен хатшысы ауысты

08/09/2016

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Тоқсаба, сондай-ақ Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Н.Сынғалиева қатысты.